"Омикрон". 3 желтоқсаннан бастап шектеу шаралары енгізіледі

30 Қараша 2021, 12:31
1202
Бөлісу:
"Омикрон". 3 желтоқсаннан бастап шектеу шаралары енгізіледі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, омикрон штамы қазір он шақты елде анықталған. Осыған байланысты 3 желтоқсаннан бастап елімізде шектеу шаралары енгізіледі.

Шектеу шараларына келер болсақ, ел аумағына Африка және омикрон штамы анықталған елдерден келетіндерге шектеу қойылады. Шетелден келетін әр азамат вакцина алғанына қарамастан ПТР тестен өтуі қажет. Оның үстіне жаңа штам анықталған елден келгендер 7 күндік карантинге жабылады, - деді ол.

Сонымен қатар ол коронавиурстың жаңа штамы бұрынғыларына қарағанда қауіпті екенін жеткізді.

ДДС-ның мәліметінше, Омикрон штамы 32 мутациядан тұрады. Оның үстіне жұқпалылығы жоғары. Сондай-ақ коронавируспен ауырып алған адамдардың антиденесіне және вакцинаға қарсы төзімділігі жоғары болып келеді. Алдын ала мәлімет бойынша ол Дельта штамға қарағанда тез жұғады және 20-30 жастағы азаматтарға көп жұғады, - деді ол.

Сонымен қатар ол жаңа штамның белгісі қандай болатынын айтты.

Вирусты жұқтырған адам шаршаңқы болады, оның үстіне басы ауырып, дене қызуы көтеріледі. Яғни, вирустың бұрынғы сипатына ие. Қазір ДДС-ы елімізде вакцинаның бұл штамға қауқары қандай деңгейде екенін зерттеп жатыр. Сондай-ақ алынған ПТР тесттен жаңа штамның бар, жоқтығы сараптамадан өтіп жатыр,-деді Әсел Қалықова.

Өзгелердің жаңалығы