Коронавирустың бірнеше штамын кімдер жиі жұқтыруы мүмкін?

19 Шілде 2021, 16:16
4194
Бөлісу:
Коронавирустың бірнеше штамын кімдер жиі жұқтыруы мүмкін?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүкіл әлемді әбігерге салып отырған COVID-19-дың мутацияға ұшырап, жаңа штамдардың анықталғаны белгілі. Адамдар арасында вирустың бірнеше штамын жұқтырып алу деректері кездесті. Ал оған кімдер жиі ұшырайды? Одан қорғану жолдары қандай?

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №8 қалалық емханасының жалпы практикалық дәрігері Шолпан Дайрабаевадан анықтаған болатынбыз.

Дәрігер кез келген вирустың түрлі штамдарының қосарланып кездесуі қалыпты құбылыс екендігін алға тартты.

Бір мезгілде СOVID-19-дың екі түрлі штамын жұқтырып алу қаупіне көбінесе қосымша ауруы бар науқастар, егде жастағы кісілер ие. Яғни иммундық жүйесі әлсіреген адамдар вирустың бірнеше түрін бір мезгілде жұқтырып алуға бейім келеді. Әрине, бір уақытта екі штамм жұқтыру ауруды қиындатып, ұзаққа созылатыны анық. Өйткені адамның иммундық жүйесі штамдармен күресіп үлгермейді, - дейді Шолпан Дайрабаева.

Оның айтуынша, вирус жұқтырмаудың ең «алтын» стандарты – вакцинация. Сондай-ақ иммунитетті көтеру арқылы да аурудан сақтануға болады. Бұған дейін коронавирусты жұқтырмас үшін қандай дәрумендер ішу керектігі туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы