Дәрігер кеңесі: Коронавирусты жұқтырмас үшін қандай дәрумендер ішу қажет?

14 Шілде 2021, 16:45
6841
Бөлісу:
Дәрігер кеңесі: Коронавирусты жұқтырмас үшін қандай дәрумендер ішу қажет?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемде коронавирус инфекциясының әлі де толастамай тұрғаны мәлім. Тәжтажалмен күресте ең алдымен адамның иммунитеті мықты болуы тиіс десек, оны күшейту үшін қандай дәрумендер ішу қажет деген сауал көпті алаңдатары анық.

Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №8 қалалық емханасының жалпы практикалық дәрігері Шолпан Дайрабаева коронавирус инфекциясын жұқтырып алмас үшін қандай дәрумендер қабылдау керектігін айтты.

Дәрігердің айтуынша, иммунитетті көтеру – адам организмі үшін аса маңызды.

Қазір жаз мезгілі болғандықтан, ең қолайлысы – жеміс-жидек пен көкөністерді көп жеуді ұсынамын. Осылайша, ағзаға қажетті барлық дәрумендерді алуға болады. Ал дәрумендерді жекелеп қабылдауға келер болсам, С және В дәрумені – бастысы. Өздеріңізге белгілі, С дәрумені – иммунитетті нығайтады. Ал Д дәрумені қантамыр үшін маңызды. Себебі инфекция ең алдымен қантамырлар қабырғасын зақымдайды. Соны болдырмас үшін аталған дәрумен деңгейі жеткілікті болуы тиіс, - деп атап өтті дәрігер.

Сондай-ақ дәрігер ретінде биологиялық белсенді қоспаларды қабылдауға қарсымын деген маман дәруменді барынша тағамнан алған дұрыс деп отыр. Сонымен қатар С дәрумені қарақат, болгар бұрышы, қырыққабат, цитрусты жемістерде бар. Ал Д дәрумені балық, сарымай, ашытылған сүт өнімдері мен күн сәулесінде мол.

Өзгелердің жаңалығы