Коронавирустан қайтыс болғандар қалай жерленеді?

27 Наурыз 2020, 16:37
4107
Бөлісу:
Коронавирустан қайтыс болғандар қалай жерленеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу туралы бас санитар арнайы қаулы шығарады. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев онлайн түрде өткен брифинг барысында айтты.

Коронавирустан адам қайтыс болуына байланысты журналистер ол адамды қалай жерлейтінін сұрап жатыр. Бүгін кешке немесе ертең таңертең бас санитардың қаулысы шығады. Ол жерде қатаң сақталуы тиіс ережелер көрсетіледі. Дәрігелер айтқан санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажеттілігі туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Православие шіркеуі тиісті пәтуа мен ескертулер әзірледі, - деді Дәурен Абаев.

Ол сонымен қатар, кеше елімізде қайтыс болған әйелге қатысты да пікір білдірді.

Бізден таңертең қайтыс болған әйелдің диагнозын неге кешке хабарлағанымызды сұрап жатыр. Өлімнің нақты себебі кешкі уақытта ғана анықталды және тез арада бұқаралық ақпарат құралдарына хабарланды, - дейді министр.

Айта кетейік, коронавирус індеті бойынша Нұр-Сұлтан қаласында – 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында – 4, Жамбыл облысында – 3 адам, Атырау облысы – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Ақмола облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, жалпы 125 науқас тіркелді.

Аталған індеттен жазылғандар саны 2 адам болса, 1 адам қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы