Нұр-Сұлтанда коронавирусқа шалдыққандарды оңалту шаралары жүріп жатыр

17 Тамыз 2020, 15:57
1258
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда коронавирусқа шалдыққандарды оңалту шаралары жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус пен пневмонияға шалдыққандар үшін Нұр-Сұлтан қаласында оңалтудың үшінші кезеңі жүрзіліп жатыр. 

Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facеbook-тағы ресми парақшасында өткен онлайн брифинг барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тимур Мұратов айтты.

Басқарма басшысының айтуынша, тұрғындар реабилитолог маманның кеңесіне жүгініп, ары қарай физиоемдеу мен массаж, емдік шынықтыру жөнінде нұсқаулық ала алады.

Коронавирус инфекциясының күзде өршуін алдын алу мақсатында қазірден бастап амбулаториялық ем қабылдаушы тұрғындарға арналған нормативтік құқықтық хаттама дайындалып жатыр. Сондай-ақ, медицина мекемелеріне 600-ден астам флуометр, 500 оттегі концентраторы, 500 арнайы керует, 110 тонна дәрі-дәрмек жеткізілген.

Бүгінгі күні қалада 9 ПТР зертханасы жұмыс істейді. Ол тәуілігіне 5,5 мың зерттеу жүргізе алады. Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясы расталған жағдайда, қала тұрғындары амбулаториялық ем алу үшін 5 түрлі дәрі-дәрмекпен тегін қамтылады. Ол үшін қор жасақталған, - деді Тимур Мұратов.

Бұған дейін Тимур Мұратов елордада алты стационардың жабылғанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы