Коронавирус: Жапонияда төртінші күн қатарынан антирекорд тіркелді

31 Шілде 2021, 23:35
2304
Бөлісу:
Коронавирус: Жапонияда төртінші күн қатарынан антирекорд тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 12 342 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ТАСС ақпараттық агенттігі.

Қазіргі уақытта жазғы Олимпиада ойындары өтіп жатқан Жапония елінің билігі өткен тәулікте коронавирусты жұқтырудың антирекорды тіркелгендігін растады. Бұл туралы сенбіде Kyodo басылымы хабарлады.

Сәрсенбіде инфекцияның 9 576 жағдайы, бейсенбіде – 10 699, жұмада – 10 743 жағдайы тіркелген. Сенбіде Токиода вирус жұқтырғандардың күнделікті антирекорд саны да жаңартылды – 4 058. Бұған дейін Жапония астанасында ең жоғарғы көрсеткіш бейсенбіде тіркелген болатын – 3 865 жағдай. 

Жапония Үкіметі эпидемиялық жағдайдың нашарлауын дельта штамының таралуымен байланыстырды. Сонымен қатар билік жұқтырғандар арасында басым көпшілігі жастар екендігін, яғни егде жастағы адамдарды вакциналау белсенді жүргізіліп жатқандығын көрсететінін айтты.

Және билік елдегі вирус жұқтырғандар санының өсуінің Токио олимпиадасының байланысты еместігін атап өтті.

Жапония премьер-министрі Есихидэ Суга 30 шілдеде журналистерге Олимпиада ойындарын инфекцияның таралу көзі деп санамайтынын ескертті. Оның айтуынша, ұйымдастырушылар елге келген шетелдіктердің жергілікті тұрғындармен қарым-қатынас жасауына жол бермеу үшін мұқият шаралар қабылдаған.

Токиодағы эпидемиялық жағдайдың нашарлауына байланысты төтенше жағдай режимі 31 тамызға дейін ұзартылды. Бұл режим, атап айтқанда, тамақтану орындарында алкоголь сатуға тыйым салуды және көрермендерді жаппай іс-шараларға жіберуді шектеуді қамтиды. Осы себепті Жапония астанасындағы Олимпиада ойындары көрермендерсіз өтуде.

Өзгелердің жаңалығы