Коронавирус және балалар: Педиатр ұсыныстары

26 Қазан 2020, 13:32
1607
Бөлісу:
Коронавирус және балалар: Педиатр ұсыныстары

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус балалар үшін де қауіпті. «Instagram» желісіндегі елорда әкімдігінің ресми парақшасында №1 қалалық көпсалалы балалар ауруханасының жоғары санатты педиатры Әсел Шаймердинова аурудың барысы және оның балаға тигізетін зардаптары туралы айтып берді.

COVID-19 ересектерге де, балаларға да қауіпті, себебі бұл жаңа инфекция. Бірінші толқын көрсеткендей, балалар ересектерге қарағанда аз ауырды, олар үшін ауру жеңіл өтеді. Бірақ егер екінші толқын болса, одан әрі не болатынын көреміз. Даму ақаулары, эндокриндік бұзылулар, аллергиялық аурулар, онкологиялық патология, иммунитет тапшылығы жағдайы сияқты ілеспе аурулары бар балалардың коронавирус инфекциясына төтеп беруі дені сау балаларға қарағанда қиын болады, - деп ескертті педиатр.

Балалар сонымен қатар COVID-19 тасымалдаушысы болып табылады және олардың КВИ белгілерінде ерекшелік жоқ - жоғары температура, конъюнктивит, бұлшықет ауыруы, асқазан-ішек жолдары бұзылысы.

Алайда, ата-аналарға баланың аурудан кейінгі жағдайына назар аудару ұсынылады, өйткені мульти қабыну синдромы пайда болуы мүмкін.

Мульти қабыну синдромы қазіргі кезде өте өзекті мәселе. Бұл COVID-19-ға ағзаның кешіккен иммунологиялық жауабы. Ауру түрі симптомды немесе симптомсыз болғаны маңызды емес. Екі-үш аптадан кейін жоғары температура, бөртпе, конъюнктивит, лимфа түйіндері, алақан мен аяқтың ісінуі пайда болады, мұны біз баладан сырттай байқай аламыз, - деп атап өтті Әсел Шаймердинова.

Бұл жағдайда, оның айтуынша, бірқатар тексерулер жүргізу және белгілі бір ем тағайындау үшін міндетті түрде ауруханаға жатқызу қажет.

Тікелей эфирдің толық нұсқасын елорда әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасынан көруге болады.


Өзгелердің жаңалығы