Коронавирус жұқтырған жолаушы бар ұшақ Алматыға қонды

25 Қаңтар 2020, 18:38
5440
Бөлісу:
Коронавирус жұқтырған жолаушы бар ұшақ Алматыға қонды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімдігі әуежайда коронавирустық инфекцияға жол бермеу бойынша қауіпсіздік шараларын күшейтеді, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

2020 жылдың 25 қаңтарында Алматы қаласының әуежайында "Ыстанбұл — Ухан — Ыстанбұл" бағыты бойынша ұшып бара жатқан TCCJ чартерлік рейсі жанармай толтыру үшін аялдады. Қолда бар ақпарат бойынша бұрын осы бортта коронавирус жұқтырған жолаушы болған. Алматы әкімдігі әуе кемесіне қосымша керосин құю кезінде барлық санитарлық-карантиндік бақылаудың күшейтілген нормаларын сақтап, қажетті шараларды қабылдады. Еліміздегі ірі мегаполистің аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында керосин құю операциясы жолаушылар мен экипаж мүшелерін эвакуациялаусыз жүзеге асырылды, - делінген хабарламада. 

Сонымен бірге, Алматыға Қытайдың 5 қаласынан келетін рейстері ескеріліп, қалалық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитеті департаменті және әуежайдың медициналық қызметі эпидемияға қарсы санитарлық-профилактикалық шараларды жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта барлық рейстер ерекше бақылауда. 

Елдегі барлық әуежайлар мен вокзалдарда, әсіресе Қытайдан келетін жолаушыларды өткізу бекеттерінде барлық жолаушылардың, тасымалдаушылардың, экипаж мүшелерінің, бортсеріктердің және басқалардың міндетті жанасусыз термометриясы жүргізіледі. Барлық жолдарда, соның ішінде теміржол, автомобиль жолдарында, Қытаймен шекаралас барлық санитарлық-карантиндік пункттерде де термометрия жүргізілуде. Қолда бар мәліметтер бойынша, әзірге 13 мыңнан астам жолаушы тексерістен өтті. Инфекцияны жұқтыру оқиғасы тіркелмеген, - деп хабарлады әкімдік.


Өзгелердің жаңалығы