Коронавирус: Өзбекстанда бір адам тіркелді

15 Наурыз 2020, 12:37
1274
Бөлісу:
Коронавирус: Өзбекстанда бір адам тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда коронавирусты жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының санитарлық-эпидемиолиялық саулық агенттігі хабарлады.

Агенттіктің мәліметіне қарағанда COVID-19 індеті елге Франциядан оралған Өзбекстан азаматынан анықталды. Қазіргі кезде науқас оқшауланып, сырқаттың өзге адамдарға таралып кетпеуі үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр.

15 наурыз күні таңғы сағат 6.00-де Республикалық вирусология институтында Өзбекстан азаматы COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды. Ол  Францияда болып келген. Қазір вирустың жаппай тарамауының алдын алу үшін эпидемиологиялық зерттеулер мен профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр. Толығырақ ақпарат тағы жарияланады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы