Коронавирус: Үш жүзге жуық науқастың жағдайы ауыр

18 Қаңтар 2021, 08:40
1434
Бөлісу:
Коронавирус: Үш жүзге жуық науқастың жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпарат жариялады.

18 қаңтардағы мәлімет бойынша,  24 875 адам короновирус инфекциясынан (13 180 КВИ+ және 11 695 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 570 пациент стационарда, 18 305 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

• 294 адамның жағдайы ауыр;

• 60 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек бойынша 2021 жылғы 16 қаңтарда 17 жағдай тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталған. 40 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 46 848, өлім жағдайлары - 540, барлығы 34 613 адам сауығып шықты.


Өзгелердің жаңалығы