Коронавирус тағы төрт елге таралды

5 Наурыз 2020, 07:44
5201
Бөлісу:
Коронавирус тағы төрт елге таралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдан тыс жерде коронавирус жұқтырғандардың саны 12 мыңнан асты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) коммюникесінде айтылған, деп хабарлайды РИА Новости.

Соңғы 24 сағат ішінде Қытайдан тыс жерде вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 76 елде 12688-ге жеткен. Бір тәулікте инфекция жұқтырудың 2103 жаңа оқиғасы тіркелген. Өлім саны 214-ке дейін өсті (күніне 48).

Вирус тағы төрт елге, соның ішінде Аргентина, Чили, Польша және Украинада таралды.

ДДСҰ-ның соңғы мәліметтеріне сәйкес, Қытайда жұқтырғандар саны 80 422 адам (күніне 120), ал 2984 адам (күніне 38) қайтыс болған.

Әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың жалпы саны 93 090 адамды құрайды (күніне 2223).



Өзгелердің жаңалығы