Коронавирус: Өз бетімен емделуге болмайды

24 Тамыз 2020, 17:54
1681
Бөлісу:
Коронавирус: Өз бетімен емделуге болмайды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. "Жас қанат" бастапқы медициналық-санитариялық көмек орталығының жалпы тәжірибелік емдеу дәрігері Меруерт Көшенова онлайн брифинг барысында қала тұрғындарын өзін-өзі емдеумен айналыспауға және емханаға дер кезінде жүгінгуге шақырды.

Оның айтуынша, коронавирус белгілері білінгенде өз бетімен емделуге болмайды, бірден тіркеуде тұрған емханаға хабарласу керек.

Симптомдарды елемей жүрмеңіз. Егер сіз диспансерлік есепте тұрсаңыз, емдеуші дәрігердің тағайындауларын қабылдаңыз, - дейді дәрігер.

Маман сөз арасында коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша бірқатар ұсыныс берді. 

Науқастардан аулақ болу, үйде мүмкіндігінше ұзақ болу, мүмкіндігінше басқа адамдардан екі метр қашықтықта болыңыз, қолыңызды жылы сумен және сабынмен кемінде 20 секунд мұқият жуыңыз, жөтелу, сондай-ақ түшкіру кезінде ауызды немесе мұрынды майлықпен жабу не болмаса, шынтақтың ішкі жағын пайдалану, көз, мұрын және ауыз қуысына қол тигізе бермеу керек, - дейді Меруерт Көшенова.

Сонымен қатар, ол вирусты жою үшін жиһаз беттерін, есік тұтқаларын дезинфекциялық құралмен жиі тазалауға, жедел респираторлық вирустық инфекция симптомдары пайда болғанда өздігінен оқшаулануға, денсаулықты сақтау үшін физикалық тұрғыдан белсенді болуға және салауатты өмір салтын ұстану, уақытылы ұйықтау және физикалық белсенділікті сақтау қажеттігін айтты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Меруерт Көшенова онлайн брифинг барысында медициналық мобильді топтардың міндеті жайлы айтып берді.


Өзгелердің жаңалығы