Коронавирус нәрестеге ана сүті арқылы берілмейді

16 Қыркүйек 2021, 15:24
10995
Бөлісу:
Коронавирус нәрестеге ана сүті арқылы берілмейді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қалалық Перинаталдық орталығының гинекологы Әсел Омарқұлова Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде жүкті әйелдерде COVID-19 қалай анықталатынын және нәрестелерге вирусты жұқтырмау үшін не істеу керегін айтты.

Оның айтуынша, жүкті әйелдер иммундық тапшылық жағдайында әрі тәуекел тобына жатады.

Біз олардан белгілі қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз: маска тағу, қолды жуу және адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу. Ал егер ауырып қалса, өзін-өзі емдеумен айналыспауы керек, себебі ковидті емдейтін көптеген препараттар жүкті әйелдерге қарсы көрсетілімі бар, - дейді Ә. Омарқұлова.


Гинекологтың айтуынша, вирус жұқтырған жүкті әйелдер барлық жағдайда ауруханаға жатқызыла бермейді. COVID-19 симптомсыз және жеңіл ағымы бар болашақ аналар амбулаторлық емдеуде қалады.

 
Әдетте, дәрігерлер оларға көп мөлшерде сұйықтықты ішу бойынша ұсыныстар береді, әйелдер өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізеді, температураны, тамыр соғу жиілігін және тыныс алуды бақылайды. БСМК медициналық қызметкерімен қашықтан байланыс күнделікті сақталады,-деді дәрігер.

Коронавируспен босанған әйелдер Перинаталдық орталықта бақылауда болады екен. Орталықта 20 төсек-орынды инфекциялық бөлімше жұмыс жасақталған. Басқа ковидтік стационардағыдай, «жасыл аймақ», «қызыл аймақ», шлюз, санитария және «жасыл аймақ» бар. Жұқтырған науқастарды босандырғанда медбикелер қорғаныс құралдарын, костюмдерді, көзілдірік пен қолғапты пайдаланады.

Нәресте туылған соң 1 минутқа кешікпей, оның кіндігін қысу ұсынылады, себебі бұл ана мен баланың денсаулығына пайдалы және жаңа туған нәрестенің тамақтану жағдайын жақсартады. Сонымен қатар, жаңа туған нәрестеге COVID-19-дың қан арқылы берілу қаупі аз. Коронавирус ана сүті арқылы берілмейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолданыстағы ұсынымдарына сәйкес, егер сақтық шаралары сақталса, COVID-19 жұқтырған әйелдер сәбиін емізе алады,-деді Ә. Омарқұлова.

Сонымен қатар ол инфекцияның ұрыққа антенатальды жолмен берілетіні туралы сенімді деректер жоқ екенін атап өтті.

Сонымен қатар ол инфекцияның ұрыққа антенатальды жолмен берілетіні туралы сенімді деректер жоқ екенін атап өтті.
Ана босану кезінде, яғни баламен қарым-қатынас кезінде вирус жұғуы мүмкін. Сол үшін әрдайым қауіпсіздік шараларын сақтау керек, ол маска режимі, қолды жуу және дезинфекциялау, - деді Ә. Омарқұлова.

Сондай-ақ ол бала көтеретін әйелдерге қоғамдық орындарға, дүкендер мен гипермаркеттерге бармауға шақырды. Оған қоса жүкті әйелді COVID-19 коронавирус инфекциясынан қорғау үшін оның отбасы мен жақындары вакцина алуы тиіс. Сонда ғана ана мен болашақ сәбидің өмірі қауіпсіз болады.

Өзгелердің жаңалығы