Коронавирус. Мыңдаған адамға үйден шықпауға нұсқау берілді

29 Желтоқсан 2021, 17:10
1328
Бөлісу:
Коронавирус. Мыңдаған адамға  үйден шықпауға нұсқау берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда “вакцинациялық рұқсатнама” 15 қаңтардан бастап енгізілуі мүмкін.

Санитариялық рұқсатнама қарастырылған жерлерге бару үшін вакцинация фактісін куәландыру қажет. Коронавирусқа теріс тест бұдан былай жеткілікті негіз болмайды, - деді елдің премьер-министрі Жан Кастекс. 

Литвада 12 жастан асқан балалардан коронавирусқа қарсы вакциналау туралы құжат талап етіле бастады.

Балалар да ересектер секілді ойын-сауық мекемелеріне кірген кезде, ата-аналарымен бірге кафелер мен мейрамханаларға, бұқаралық іс-шараларға барған сәтте рұқсатнама төлқұжаты қажет етіледі. 

Қытайдың Яньань қаласындағы мыңдаған адамға коронавирустың таралуына байланысты үйден шықпауға нұсқау берілді. Сиань қаласынан 300 км қашықтықта орналасқан Яньанда бұған дейін covid-19 салдарынан қатаң шектеу шаралары енгізілген, барлық кәсіпорындар мен компаниялардың жұмысы тоқтатылды.

Өзгелердің жаңалығы