Коронавирус. Министр қандай жағдайда қашықтан жұмыс істеуге ауысуға болатынын айтты

2 Тамыз 2022, 11:32
1117
Бөлісу:
Коронавирус. Министр қандай жағдайда қашықтан жұмыс істеуге ауысуға болатынын айтты

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Елімізде коронавирустық инфекцияның өсуіне байланысты, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының өзектенуін ескере отырып, аймақтар бойынша шектеу шаралары қайта қаралды және бұл шараларды Ведомствоаралық комиссия мақұлдады. Мәселен, «жасыл» және «сары» аймақтарда шектеу шаралары бизнес объектілерінің қызметін шектемей, инфекция көзін оқшаулауға бағытталған. Яғни объектілерде санитарлық-дезинфекциялық тәртіпті күшейту, қоғамдық орындарда, қоғамдық көлікте медициналық масканы қолдануды ұсынылады, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, «қызыл» аймақта шектеу шаралары денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесіне байланысты екі кезеңмен қабылданады.

Бірінші кезеңде – R - бірден артық болғанда және 100 мың тұрғынға шаққанда ауруханаға жатқызу көрсеткіші 25,0-ден 50,0-ге дейін болған кезде: бизнес шектеусіз жұмыс жасайды; жабық үй-жайларда, көліктің барлық түрлерінде маска кию міндеттеледі.

 Екінші кезеңде R-ға қарамастан, 100 мың тұрғынға шаққанда ауруханаға жатқызу көрсеткіші 50,0-ден астам болған кезде:

- объектілерде «Ashyq» қосымшасы міндетті түрде пайдаланады;

- көпшілік іс-шараларды өткізуге байланысты бизнес объектілерінің толымдылығы 50%-ға дейін шектеледі .  

- білім беру ұйымдарына қосымша шектеулер енгізіледі;

- ұйымдар қызметкерлері 30%-ы қашықтан жұмыс істеуге ауысады;

«Қызыл» аймаққа көшу және шектеу шараларын енгізу бизнестің және халықтың профилактикалық шараларды ұстану жағдайына байланысты болады, - деді Ажар Ғиният.

Өзгелердің жаңалығы