Коронавирус масаның шаққанынан жұға ма?

20 Шілде 2020, 09:14
2165
Бөлісу:
Коронавирус масаның шаққанынан жұға ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nature журналында осы мәселеге қатысты мақала жарияланды. Оған сәйкес масалар коронавирустық инфекцияны тасымалдай алмайтыны жазылған.

Жүргізілген зерттеулер бойынша ғалымдар "масалар коронавирустық инфекцияны басқа адамға тасымалдап, жұқтыра алмайды" деген қорытындыға келді.

Мамандардың айтуынша, егер қансорғыш жәндік алдымен вирус жұқтырған адамды шағып, кейіннен дені сау адамды шақса, вирус таралмайды.

Осылайша, ғалымдардың көзқарасы ДДСҰ позициясымен сәйкес келді. Себебі, ДДСҰ мамандары да масалардың инфекция тасымалдаушы бола алатынына күмән келтірген.

Өзгелердің жаңалығы