Коронавирус өзектілігін жоғалтқан жоқ – Бельгия премьер-министрі

15 Қараша 2021, 16:12
930
Бөлісу:
Коронавирус өзектілігін жоғалтқан жоқ – Бельгия премьер-министрі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бельгияның Премьер-министрі Ив Летерм әлем елдерінің вакцинация жүргізу процесіне қатысты пікірін білдірді.

Бұл туралы ол «Астана клубының» алтыншы кездесуінде мәлімдеді.

Вакцинация жұмысы жыл басынан бері белгілі бір дәрежеде тиімділігін көрсетті. Алайда, коронавирус жаһан бойынша маңызын жоғалта қойған жоқ. Әлемнің барлық азаматтары толықтай қорғалған деп айта алмаймыз. Коронавирус әлі бізбен бірге, -деді ол.

Сондай-ақ, премьер-министр жаһандық проблемалардың дамушы мемлекеттерге қалай ауыр тиетінін түсіндірді.

Дамушы елдер үшін көптарапты келіссөздерге қатысудың маңызы зор. Менің ойымша, әлемнің екінші елдері өзекті мәселелерден тыс қалмауы тиіс. Пандемиядан кейін бәсеңдеген дамушы елдердің әлеуметтік жағдайларына да ауыр тиіп отыр. Оларға міндетті түрде еркін кеңістік құрып, ұзақ мерзімді жоспар әзірлеуі шарт, -дейді ол.

Ив Летермнің сөзінше, мұндай тығырықтан шығудың бірден бір жолы – модернизациялану.

Пандемия халықтың теңсіздігіне әсер етті. Мұның салдарынан көп елдер мен халықтың осал топтары зардап шекті. Ал дамушы елдерде жаһандық мәселемен күресу мақсатында мол қаражат жұмсалды. Осыған орай мемлекеттерде тіркелмеген жұмысшылар легі артты. Мұны шешу үшін демографияның өсуіне және білімге назар аударылуы тиіс, -деді Бельгияның премьер-министрі.

Өзгелердің жаңалығы