Коронавирустан кейін Жапонияда алғаш рет халықаралық турнир өтеді

11 Қазан 2020, 21:36
1220
Бөлісу:
Коронавирустан кейін Жапонияда алғаш рет халықаралық турнир өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония астанасы Токиода спорттық гимнастикадан халықаралық турнир өтеді. Бұл коронавирус індеті басталғалы бері күншығыс елінде өтетін алғашқы турнир болмақ.  

Спорттық гимнастикадан халықаралық сында АҚШ, Жапония, Қытай және Ресейден жалпы есебі 32 атлет бақ сынайды. 

Турнир 8 қарашада басталады деп жоспарлануда.  

Жарысқа қатысушылар екі апта бойы өз елдерінде оқшауланып, арнайы тест тапсырып, турнир басталуына бес күн қалғанда Жапонияға келеді.  Осылайша, спортшылар Жапонияға шетелден келушілерге арналған 14 күндік карантиннен босатылады. 

Өзгелердің жаңалығы