Коронавирус: Италияда дертті емдеудің жаңа тәсілі қолданылуда

18 Наурыз 2020, 10:19
1710
Бөлісу:
Коронавирус: Италияда дертті емдеудің жаңа тәсілі қолданылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда COVID-19 коронавирусын емдеу үшін ревмотоидті артрит кезінде қолданылатын "Тоцилизумаб" препаратын тестілеу басталды.

Бұл туралы мемлекеттің Дәрілік препараттар бойынша ұлттық агенттігінің басшысы Никола Магрини мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

Бұған дейін "Тоцилизумаб" препараты Неаполь мен Модена ауруханаларындағы терапия барысында өз тиімділігін көрсетті. Аталмыш дәрі-дәрмек негізінен буынның ревматикалық ауруларын емдеу үшін қолданылады. 

19 наурыздан бастап эксперимент жасай бастаймыз. Алдын ала жасалған тәжірибелер жағымды оң нәтижелер көрсетті, - деп мәлімдеді Магрини.

Айтуынша, тестілеу жұмыстарына шамамен 330 пациент қатысады.

Сонымен қатар, коронавирусты емдеу үшін итальялық дәрігерлер ЖИТС-ті емдеуде қолданылатын вирусқа қарсы дәрі-дәрмектерді де пайдаланады.

17 наурызда жергілікті БАҚ-тарда 79 жастағы науқастың "Ремдезевир" препаратымен емделгеннен кейін жазылып кеткені туралы хабарланды. Бұл препарат бұрын Эболаны емдеу кезінде қолданғанда жақсы нәтиже көрсеткен.

Соңғы деректерге сүйенсек, Италияда 31,5 мың коронавирус жұқтырған азамат тіркелген, оның 2 941 жазылды, қайтыс болғандар саны 2 503 жетті.

Бүгін Алматыда коронавирус жұқтырған тағы екі адам тіркеліп, Қазақстан бойынша науқастардың саны 35-ке жетті.
Өзгелердің жаңалығы