Коронавирус: Иранда бір тәулікте көз жұмғандар саны күрт артты

15 Қазан 2020, 16:09
1498
Бөлісу:
Коронавирус: Иранда бір тәулікте көз жұмғандар саны күрт артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иранда өткен тәулікте коронавирустан 279 адам көз жұмды.

Бұл туралы Islamic Republic News Agency хабарлады.

Cәрсенбі күні Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Сима Садат Лари өткен тәулікте коронавирустан 279 адамның көз жұмғанын хабарлады. 

Елде COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 29349 адамға жетті. Сондай-ақ министр өткен тәулікте коронавирусты жұқтырудың 4830 жаңа жағдайы тіркелгенін айтты. 

Олардың 2237-сі ауруханаға жатқызылды. Елде сауығып шыққан пациенттердің жалпы саны 414831. Елдегі 4609 науқастың жағдайы ауыр. Олар жансақтау бөлімінде ем алуда. Елде коронавирус инфекциясына жүргізілген тесттердің саны 4 398 723, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы