Коронавирус. Иран азаматы алматылық дәрігерлерге алғыс айтты

7 Наурыз 2020, 13:25
2175
Бөлісу:
Коронавирус. Иран азаматы алматылық дәрігерлерге алғыс айтты

Алматы, BAQ.KZ. Карантинге жатқызылған Иран азаматы Рахнема Мухамед Риза медицина қызметкерлерінің қамқорлығы үшін алғысын білдірді.

57 жастағы Иран азаматы Алматы қаласы фтизиопульмонологи орталығында 3 күн карантинде болған. Кеше ол емханадан шығарылды. Аталған орталықтың мәліметінше, ол емханадан кетпес бұрын Қазақстан үкіметі мен Денсаулық сақтау министрлігі атына алғыс хат жазып қалдырған. 

WhatsApp Image 2020-03-07 at 11.46.01.jpeg

Менің аты-жөнім Rahnema Mohammed, 03.03.2020 күні Алматыға келдім. Мені эпидемияға байланысты тексерді. Дәрігерлер өте қамқор әрі қайырымды болды. 06.03.2020 күні емханадан шығарды. Көрсетілген көмек үшін Қазақстан мен денсаулық сақтау министрлігіне көп рахмет,-делінген хатта. 

Фтизиопульмонология орталығының мәліметінше, Иран азаматы Стамбул арқылы Алматыға ұшып келген. Тексеріс барысында одан вирус белгілері анықталмаған. Енді ол үй бақылауына алынады.

Өзгелердің жаңалығы