Коронавирус: инфекциялық науқастарға арналған 6 мың орындық төсек-орын бар

27 Қаңтар 2020, 17:20
2360
Бөлісу:
Коронавирус: инфекциялық науқастарға арналған 6 мың орындық төсек-орын бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде отандық медициналық мекемелерде 6 мың орындық инфекциялық науқастарға арналған төсек-орындар бар. 

Оған қосымша тағы да 4780 төсек-орынмен қамтамасыз ету көзделген. Бұл туралы Бас санитар, дәрігер Жандарбек Бекшин хабарлады. 

Оның айтуынша, бүгінгі күні Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың алдын алу мақсатын арнайы алгоритмдерді әзірлеген. 

Медициналық қызметкерлерден сынамаларды алып, оларды сараптамалық орталықтарға жеткізу, сараптама нәтижесінде күдікті жағдайлар болса, оларды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының орталықтарына жіберу жіті қарастырылған. Біз ресейлік әріптестермен келісімге келдік. Күдікті пайда болған жағдайда, Ресейдің қалаларына жіберуге мүмкіншілік бар. Мәскеу мен Новосибирск қалаларына. Күнара ұшақ ұшады. Сондықтан біз 2 күн арасында науқастардың ауру жағдайын лаборатория арқылы дәлелдеп, анықтауға мүмкіншілігіміз бар, - деді министрлік өкілі. 
Өткен аптадан бастап, арнаулы жаттығулар жасап жатыр. Әзірге, 4 аймақта профилактикалық шаралар жүргізілді. 
Бүгінде 6 мың орындық инфекциялық науқастарға арналған төсек-орындар бар. Оған қосымша тағы да 4780 төсек-орынмен қамтамасыз ету көзделген. Жағдай ауырлап бара жатса, қосымша инфекциялық науқастарға төсек-орындар толығымен дайындалған, - деп айтты Бекшин. 
Айта кетейік, медициналық мекемелер дәрі-дәрмектермен және де дезинфекция бұйымдарымен, қорғау киімдерімен толық жабдықталған. Сондай-ақ, есеп жасалып, залалсыздандыру препараттары мен қорғану киімдерін алынған.

Бұған дейін, Жандарбек Бекшин Қытайдан және шетелден келген азаматтар 14 күн дәрігердің бақылауында болатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы