Коронавирус індеті бюджет кірісін төмендетті

14 Сәуір 2020, 10:38
1782
Бөлісу:
Коронавирус індеті бюджет кірісін төмендетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Республикалық бюджеттің кірістері 10,5%-ға төмендеді. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР вице-премьері әрі қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістері есептілік кезеңнің жоспарына қарағанда 89,9%-ға, оның ішінде республикалық кіріс 78,8%-ға, жергілікті бюджет 121,4%-ға орындалған.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірістерінің өсу қарқыны 101,2 %-ды жергілікті бюджеттер 133,1 %-ды құрады. Сыртқы факторлардың экономикаға теріс әсерінен республикалық бюджеттің кірістері 10,5 %-ға төмендеді. Республикалық бюджетке 1 трлн 402 млрд теңге кірістер түсті. Жоспар 378 млрд теңгеге орындалмады, - деді Әлихан Смайылов.

Оның орындалмауына салықтың азаюы себеп болған.
Біріншіден, коронавирус эпидемиясының таралуы импортқа салынатын қосылған құн салығының көлеміне теріс әсерін тигізіп жатыр. Үшінші елдерден әкелінетін импорт көлемінің қысқаруына байланысты 11,4 мың салық төлеушіден салық түсімі 49,1 миллиард теңгеге азайды. Бұдан басқа, есепті кезеңде Қытайдан келетін автокөлік саны 29%-ға азайды, - деді министр.

Оның айтуынша, екіншіден сыртқы нарықта негізгі экспорттық позициялар бойынша бағалардың төмендеуі: шикі мұнайдың – 22, мырыштың – 21, мыстың – 9, алюминийдің – 10, қорғасынның – 10 және феррохромның – 12 төмендеуі корпоративтік табыс салығының азюына әсерін тигізді. 
Үшіншіден, кәсіпкерлік белсенділігінің төмендеуіне байланысты ішкі тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша жоспар 132 млрд теңгеге орындалмады. Бірақ қалыптасқан экономикалық жағдайға қарамастан, бизнес алдындағы өз міндеттемелерімізді уақтылы орындадық. Есепті кезеңде оларға 193 млрд теңге көлемінде қосылған құн салығы қайтарылды. Бұл 2019 жылдың осв кезеңімен салыстырғанда 84 млрд теңгеге көп. 8-сәуірде қабылданған нақтыланған республикалық бюджетте кірістер бойынша жылдық жоспар 6 трлн 414 млрдтеңге сомасында бекітілді. Жергілікті бюджетердің өз кірістері 134 млрд теңгеге артығымен орындалып, 759 млрд теңгені құрады. Асыра орындалу негізінен салықтар есебінен қалыптасты – 127 млрд теңге. Барлық өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды, - деді Әлихан Смайылов.
Өзгелердің жаңалығы