Елордада коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеді – санитарлық дәрігер

9 Маусым 2021, 10:51
2074
Бөлісу:
Елордада коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеді – санитарлық дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова әкімдіктің тікелей эфирінде өткен брифингте мәлімдеді.

Елордада жүргізіліп жатқан іс-шаралардың арқасында COVID-19 вирусын жұқтыру деңгейінің төмендеуі байқалып отыр. Соңғы үш аптада орташа есеппен аптасына 10,19%-ға төмендеді. Алайда бүгінгі таңда COVID-19 індеті бойынша нақты тіркелген жағдайлар қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды көрсетіп отыр. Сондай-ақ қала «қызыл аймақта» қалып келеді, - деп түсіндірді ол.

Сархат Бейсенова баяндағандай, қалада күніне 70-тен 200-ге дейін COVID-19 жағдайы тіркеледі. Осы жылдың басынан бері қала бойынша вирус жұқтырғандар саны 38 мыңнан асты. Пандемия басталғаннан бері 57 168 жағдай тіркелді. Оның ішінде 38 540 симптомы бар және 18 628 симптомсыз жағдай.

Мамыр айының басымен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққандағы апталық сырқаттанушылық көрсеткішісі 210-нан 110-ға дейін төмендеді. Бір апта ішінде COVID-19 бойынша 1 315 жағдай тіркелді. Ауру жұқтыру көрсеткіші алдыңғы аптадан 18%-ға төмен, атап айтқанда алдыңғы аптада 1 617 жағдай тіркелді, - деп айтты Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 110,7 құрады, репродуктивті саны 0,88. Тәулігіне 203 жағдай тіркелген. Оның ішінде симптомдары бар 150 жағдай, 53 симптомсыз жағдай.

Өзгелердің жаңалығы