Коронавирус: елордада 11 ұйымнан карантин алынды

15 Сәуір 2020, 16:18
1315
Бөлісу:
Коронавирус: елордада 11 ұйымнан карантин алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда денсаулық сақтау нысандары, №1 автопарк, жатақхана сынды 11 ұйым карантиннен алынды.

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Олардың аумағында бірнеше рет дезинфекция жұмыстары жүргізілді. 

Карантиннің ұзартылғанына байланысты қоғамдық көлік жұмысы айдың соңына дейін тоқтатылды. 16 нысан карантинге жабылды. Олардың ішінде үш медициналық ұйым, екі жатақхана, 10 кіреберіс және жеке компания. Бұл аумақтар қоршалды, келуге қатаң тыйым салынады. 

Қазақстанда коронавирустан сауығып кеткендердің саны 203 адамды құрайды, оның 110-ы-Нұр-Сұлтан қаласында.

Өзгелердің жаңалығы