Коронавирус бойынша. 117 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылды

21 Шілде 2020, 10:37
912
Бөлісу:
Коронавирус бойынша. 117 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін онлайн Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі туралы айтты.

Арнайы тәртіп арқылы қазақстандық тауар өндірушіге айтарлықтай қолдау көрсетілді. Осылайша, арнайы тәртіпті енгізумен тауарларды мемлекеттік сатып алу бірінші кезеңде жеңілдетілген (баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен) түрде және отандық тауар өндірушілер арасында ғана жүзеге асырылады. Өтінімдер болмаған жағдайда ғана мұндай тауарларды сатып алу қалған өнім берушілер арасында жүзеге асырылады. Қазақстандық өндірушілер мен олар өндіретін тауарлардың тізбесі индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтері негізінде мемлекеттік сатып алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияда айқындалады, - дейді Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, арнайы тәртіп арқылы отандық тауар өндірушілерден 62 млрд теңгеден астам сомаға тауарлар сатып алынған.

Арнайы тәртіп коронавирусқа қарсы күрес шеңберінде 117 млрд теңгеге жедел сатып алуды жүргізуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ арнайы тәртіп шеңберінде дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 955 млрд теңгеге сатып алулар жүзеге асырылды. Арнайы тәртіптің тиімділігін ескере отырып, оның қолданылуы 2020 жылғы 1 қазанға дейін ұзартылады, - дейді министр.

Өзгелердің жаңалығы