Коронавирус. АҚШ-та бір тәулікте 2100-ден астам адам көз жұмды

23 Сәуір 2020, 11:06
1187
Бөлісу:
Коронавирус. АҚШ-та бір тәулікте 2100-ден астам адам көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. АҚШ-та өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2,1 мыңнан астам адам көз жұмды. 

Бұл елде індет басталғалы COVID-19-ды жұқтырған 46 611 адам қайтыс болған. Қауіпті вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 840 476-ға жетті. Жақында тағы 27 639 адамның аталған вирусты жұқтырып алғаны белгілі болды.

Ал, Қытайда коронавирус инфекциясымен ауырған науқастардың 93%-дан астамы ауруынан айыққан. 

Қазіргі уақытта бұл елде сырттан келген және жергілікті жерде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күн сайын азайып келеді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қытайда коронавирусты жұқтырғандар саны 82 798-ді құраған, оның 77 207-сі емделіп, ауруханадан шығарылған, бұл сырқаттанғандардың жалпы санының 93,2%-ын құрайды. Ауруханаларда шамамен 1 мың емделуші қалған.

ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметтері бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 93,2%-ы сауығып, 5,59%-ы қайтыс болған.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2191 адамға жетті. Қайтыс болғандар саны – 19, жазылып шыққандар – 515 адам.

Өзгелердің жаңалығы