Коронавирус. Баян-Өлгийде сырқаттар саны 7 мыңға жуықтады

28 Тамыз 2021, 20:09
4263
Бөлісу:
Коронавирус. Баян-Өлгийде сырқаттар саны 7 мыңға жуықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолияның батысындағы қазақтар орналасқан Баян-Өлгий аймағында корпонавирус індетін жұқтырғандар саны 6958 адамға жетті.

Бұл туралы жергілікті МОНЦАМЭ агенттігі хабарлады.

Ақпарат көзінің мәліметіне қарағанда соңғы бір тәулікте 59 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны анықталған.

Індет жұқтырғандардың 5527-сі жазылса, 1426-сы әлі де емделіп жатыр. Олардың ішінде 1232 адамның жағдайы қалыпты, 161 науқастың денсаулығы орташа, 27 адамның жағдайы ауыр және 6 науқастың жағдайы өте ауыр.

Өзгелердің жаңалығы