Коронавирустан сақтандыру. "Балаларыңыздың тағдырымен ойнамаңыздар!"

24 Сәуір 2020, 22:39
1448
Бөлісу:
Коронавирустан сақтандыру. "Балаларыңыздың тағдырымен ойнамаңыздар!"

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда карантин кезінде ата-аналарға коронавирустың қауіпін ескерту үшін өзгеше тәсіл жасалды. 

Өкінішке қарай, карантинге қарамастан, аулаларда, ойын алаңдарында балалардың топтасып, ойнауы жалғасуда. Сондықтан көптеген ата-аналарға ой салу үшін коронавирус түріндегі қуыршақтарды қолдануды жөн көрген. 

Мақсатымыз — балалардың  қауіпсіздігін күшейту. Балаларымыздың өмірін ойлап осындай тәсіл арқылы ата-аналарын ойландыруды жөн көрдік. Қауіпті инфекция балаларыңызбен бірге аулада ойнап жүруі мүмкін, даладан жұқтырып үйге алып келуі де ықтимал. Балалардың шоғырланған жеріне коронавирус кейіпіндегі қуыршақтар барады. Осы сәтті кейбірі тосырқап қашқақтаса, кейбірі елігіп ойнағысы келеді - дейді Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Берік Жәменов. 

Сол сәтте дыбыс зорайтқыш іске қосылады.

Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың тағдырымен ойнамаңыздар! Оларды қауіп-қатерге итермелемеңіздер! Одан да қорған болып, қорғаныңыздар! Коронавирус індеті әлемде талай баланың ажалына айналды. Көзге көрінбейтін қатер жаныңызда жүруі әбден мүмкін. Балаңыз коронавирустың келесі құрбанына айналмасына кім кепіл?! Карантин далада ойнайтын уақыт емес, үйде қауіпсіздікті ойлайтын уақыт! Балаңыздың амандығы үшін, отбасыңыздың амандығы үшін үйде отырыңыз, үйде ойнаңыз. Карантин біткенше шыдаңыз. Бұл сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін жасалған шешім. Тәртіпке бағынып, сабырлы болыңыздар! - деген сөздер естіледі.

Ұйымдастырушылар осындай тәсіл арқыл көптеген ата-аналарды ойландыра аларына сенімді.

Өзгелердің жаңалығы