Коронавирус: "Астана" велокомандасы жарыстарға қатысудан бас тартты

6 Наурыз 2020, 15:05
1733
Бөлісу:
Коронавирус: "Астана" велокомандасы жарыстарға қатысудан бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Pro Team Қазақстанның кәсіби велокомандасы COVID-19 коронавирусының кең таралу қаупіне байланысты жарыстан он бес күнге шықты. Бұл туралы велокоманданың ресми сайтында жарияланды.

"Астана" велошабондаздары 20 наурызға дейін жарысқа қатыспайды және италиялық "Страде Бьянке" және "Тиррено – Адриатико", сондай-ақ франциялық "Париж – Ницца" жарыстарға шықпайды. 

Әрине, біз алдағы барлық жарысқа қатысқымыз келеді. Бірақ дәл қазір ең бастысы – қауіпсіздік. Алдымызда өте маңызды бірнеше жарыс бар, ұзақ маусым күтіп тұр, - деп жазды "Астана" командасының бас менеджері Александр Винокуров.

Өзгелердің жаңалығы