Коронавирус адамның есту қабілетіне кері әсер етеді

12 Қараша 2020, 16:40
2384
Бөлісу:
Коронавирус адамның есту қабілетіне кері әсер етеді

Алматы, BAQ.KZ. Лондон колледжі мен Корольдік ұлттық комитеттің ғалымдары коронавируспен ауыратын науқастардың құлағы еш себепсіз шыңылдайтынын анықтаған. Бұл туралы StopCovAlmaty телеграм каналы хабарлады.

Мамандар коронавируспен ауырғандарды бақылау кезігде бір қызықты белгіні байқағандарын айтқан. Ол белгі - тиннитус, яғни құлақтың ешқандай себепсіз шыңылдауы немесе шуылдауы. 

Бұл ретте, кейбір науқастарда әлгі симптом мен ковидтің ауыр түрі қосылған кезде есту қабілетінің толық жоғалуына әкеп соқтырған. Құлақтың есту қабілетін қалпына келтіруге бола ма, жоқ па бұл жағы әлі белгісіз. 

Ғалымдар коронавирусқа шалдыққан адамдарды оны емдеу үшін алдын алу шаралары мақсатында, бұл симптомға назар аударуға шақырып отыр.

Өзгелердің жаңалығы