Коронавирус. Қырғызстанда үш адам жұқтырғаны анықталды

18 Наурыз 2020, 09:49
1091
Бөлісу:
Коронавирус. Қырғызстанда үш адам жұқтырғаны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанда коронавирус инфекциясына қатысты алғашқы үш жағдай тіркелді.

Бұл туралы бүгін брифингіде Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, індетті жұқтырғандар Қырғызстан азаматтары, олар Сауд Арабиясынан ұмра қажылықтан оралған.

Сузак ауданының үш тұрғынының коронавирус жұқтырғандығы анықталды. Олар 12 наурызда Сауд Арабиясынан келген, - деді министр.
Өзгелердің жаңалығы