Коронавирусқа қарсы вакцина қашан дайын болады

12 Ақпан 2020, 08:05
1857
Бөлісу:
Коронавирусқа қарсы вакцина қашан дайын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан шыққан COVID-2019 коронавирусына арналған алғашқы тиімді вакцинаның қашан дайын болатынын айтты. Бұл туралы 11 ақпанда ДДСҰ басшысы Тедрос Адхан Гебрейюс мәлімдеме жасады.

Бүгін біздер коронавирустың жаңа түріне қарсы тұру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек. Себебі алғашқы вакцина 18 айдан кейін ғана дайын болады, – деді ол.
Еске салсақ, соңғы мәліметтер бойынша Қытайда коронавирустың құрбандары 1000-нан асты, 42 мыңнан астам адам жұқтырған. Қытайлық сарапшылар коронавирус індеті сәуір айында толық тоқтатылады деп болжауда.

Қаңтардың аяғында ДДСҰ төтенше комиссиясының отырысы өтті, онда Қытайда коронавирустың өршуі халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танылды.

Өзгелердің жаңалығы