Коронавирус: 8 науқас реанимациядан шығарылды

10 Сәуір 2020, 19:50
1067
Бөлісу:
Коронавирус: 8 науқас реанимациядан шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда COVID-19 бар екі науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды. 

Дәрігерлер пациенттердің жағдайының жақсарғанын атап өтті және олар енді қарқынды терапияны қажет етпейді деп санайды.

Қазақстан Республикасында барлығы 8 пациент реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды:

Алматы қаласында - 2 адам,

Қарағанды облысында - 2 адам,

Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам,

Шымкент қаласында – 1 адам,

Ақтөбе облысында - 1 адам.

Өзгелердің жаңалығы