Коронавирус: Қытайда 1370 адам емделіп шықты

15 Наурыз 2020, 09:48
1132
Бөлісу:
Коронавирус: Қытайда 1370 адам емделіп шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 80 844 адамға жетті. 

Өткен тәулікте COVID-19 салдарынан 10 адам қайтыс болды. 20 адам коронавирусты жаңадан жұқтырса, 1370 адам емделіп, ауруханадан шығарылған. Бұл туралы жексенбі күні ҚХР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.

Коронавирусты жаңадан жұқтырғандардың төртеуі Ухань қаласында тіркелген. Қайтыс болған 10 адам да осы қаланың тұрғындары болып шықты. 

2019 жылдың соңында тіркелген COVID-19 вирусы бүгінде әлемнің 120-дан астам еліне тарады. Осы аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індеттің таралуына байланысты пандемия жариялаған болатын.

Қазақстанда 14 наурыздағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырған 6 адам тіркелді. Олардың төртеуі Алматы қаласында және еуеуі Нұр-Сұлтан қаласында.

Өзгелердің жаңалығы