"Көріпкелдің сөзіне сүйендім". Бишімбаев бірден жедел жәрдем шақырмағанын айтты

4 Сәуір 2024, 16:54
927
Бөлісу:
"Көріпкелдің сөзіне сүйендім". Бишімбаев бірден жедел жәрдем шақырмағанын айтты
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевқа бірқатар сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Прокурор Аймағанова "Сіз оның жерде тұрмай жатқанын жайлы түсінік бердіңіз. Неге бірден жедел жәрдем шақырмадыңыз? Неге сіз бірінші балгерге хабарластыңыз? Егер жедел жәрдем шақырсаңыз тірі болар еді ғой... " деп сұрақ қойды.

Бұл менің үлкен қателігім. Мен бұл туралы ештеңе айта аламын. Байжановқа Салтанаттың ес-түссіз жатқанын айттым... Ол жедел жәрдем шақырайық деп ұсынды. Мен сол кезде оған 1,5 -1 сағаттай күтейік дедім. Кеш түссін дедім. Мен көріпкелдің сөзіне сүйендім. Кешке тұрып, демалады деп білдім, - деп жауап берді Қуандық Бишімбаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, сотта Нүкенованың Бишімбаевқа жазған хаты жария етілді. Сонымен қатар Адвокат Нүкеноваға жасалған сараптама нәтижесін оқып берді.

Бұдан бөлек, Бишімбаев Нүкенованың телефонындағы жазбаларды өшіріп отырғаны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы