"Сенің ойыншығың емеспін". Сотта Нүкенованың хаты оқылды

4 Сәуір 2024, 12:40
5643
Бөлісу:
"Сенің ойыншығың емеспін". Сотта Нүкенованың хаты оқылды
Фото: instagram.com/aitym

Нүкенова телефонындағы жазбаларында қарым-қатынасын тоқтатқысы келетінін жазған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сотта Прокурор Айжан Аймағанова Нүкенованың телефонындағы жазбаны оқыды.

Бұл өмір емес, үнемі бір нәрсені айтып қорқытып отыратын мен сенің ойыншығың не балаң да емеспін. Мен ақылымнан адасқан жоқпын, байқай білсең. Маған 24 сағат 7 күн бойы не істеу керегін айтудың қажеті жоқ, бәрін онсызда білемін. Әрбір ұрыстан соң өзіме келу үшін бір күндей уақыт кетеді. Кейін маған өз ісіммен айналысып, сені күлімдеп күтіп алуым керек. Махаббат пен неке ұзақ бақыт әкелу үшін оның негізі сенім мен құрмет болуы керек. Талпынғанымыздан не керек, картадан құралған үйіміз қирай берсе, - деп жазған Нүкенова.

Ол Бишімбаевтан қолдау білдіруді сұраған.

Мен біздің жанжалдарымызды өткір әрі ауыр қабылдайтынымды айттым, соның негізінде менде кейде жүйкем сыр береді. Бірақ мен сені жақсы көремін, сондықтан мен өзіммен жұмыс істеуге, сенің сұрағаныңның бәрін орындауға тырысамын. Өйткені мен үшін сіздің жан тыныштығыңыз бен бақытыңыз маңызды. Мен енді бұған шыдай алмаймын. Мен ата-анаммен бірге боламын, олар маған бас-көз болады, - деп жазған марқұм. 

Өзгелердің жаңалығы