Қорғау нұсқаулықтарының орындалуын патрульдік полиция қадағалауы керек – Тоқаев

16 Қараша 2021, 16:32
1556
Бөлісу:
Қорғау нұсқаулықтарының орындалуын патрульдік полиция қадағалауы керек – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында айтты.

Біздің қоғамда әйелдер тұрмыстық отбаслық-зорлық зомбылықтың құрбаны болып жатады. Бұл туралы біз 5-ші отырыста талқыладық. Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын жалғастыру керек. Агрессорлармен жүйелі, оңалту және тәрбиелік жұмыс жүргізу керек. Жалпы қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендететін кешенді шаралар қабылдау керек, - деді Тоқаев.

Президент атап өткендей, ол отбасындағы тәрбие, білім беру мен мәдениет мәселелерін қамтуы керек.

Құқық бұзушыларға енгізілетін шектеулер тәжірибеде қолданылуы керек. Сондықтан полиция қорғау нұсқаулығы институтын жетілдіру бойынша жұмысты атқарып жатыр. Мәселен, қорғау нұсқаулықтарының орындалуын патрульдік полиция қадағалауы керек. Олар тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушыларды бақылауға алып, қылмыс санын азайтуға мүмкіндік береді, - деді Тоқаев.


Өзгелердің жаңалығы