Кореяда сотталған екі қазақстандық елге қайтады

14 Тамыз 2023, 17:37
969
Бөлісу:
Кореяда сотталған екі қазақстандық елге қайтады
Фото: Артём Чурсинов

Оңтүстік Кореяда сотталған қазақстандықтар 1 млн теңге айыппұлды төледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айбек Смадияровтың айтуынша, отандастарымыз таяуда елге оралады.

Азаматтардың жазадан құтылуы сол жаққа барып солай істеуге болады дегенді білдірмейді. Олардың әрекеті бізден баратын студенттер мен туристерге кесірі тиеді, - деді Айбек Смадияров.

Кореяда сотталған екі қазақстандық елге қайтады

СІМ-нің ресми өкілі ел азаматтарына басқа мемлекетке барғанда сол елдің заңына бағынуға шақырды.

Кореяда сотталған екі қазақстандық елге қайтады

Еске сала кетейік, наурызда екі қазақстандық Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан заңсыз аяқ басқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы