Корея тікұшағы Жапон теңізіне құлады

1 Қараша 2019, 23:58
1414
Бөлісу:
Корея тікұшағы Жапон теңізіне құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапон теңізіне Оңтүстік Кореяның тікұшағы құлады, деп хабарлады 24.kz.

Бортта болған 7 адамның тағдыры беймәлім.

Құтқару-іздестіру операциясына ондаған әскери кеме мен тікұшақтар жұмылдырылды. Белгілі болғандай, құлаған тікұшақта жараланған балықшы, оның досы мен құтқару қызметінің 5 маманы болған. Олар балықшыны ауруханаға жеткізбек болды. Әуе кемесінің апатқа ұшырау себебі әзірге белгісіз.

Өзгелердің жаңалығы