Корея елшілігі еліміздің таэквондо федерациясына құрал-жабдықтар сыйға тартты

3 Желтоқсан 2021, 15:21
1758
Бөлісу:
Корея елшілігі еліміздің таэквондо федерациясына құрал-жабдықтар сыйға тартты
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі Қазақстан таэквондо федерациясына таэквондо сабақтарына арналған спорттық құрал-жабдықтарды тапсыру рәсімін өткізді.

Іс-шараға Корея Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг Сок, Қазақстан таэквондо федерациясының вице-президенті Арман Челманов қатысты.

Корея елшілігі еліміздің таэквондо федерациясына құрал-жабдықтар сыйға тартты

Іс-шарада елші Ку Хонг-Сок Қазақстан таэквондо федерациясына таэквондо жаттығуларына арналған спорттық құрал-жабдықтарды, атап айтқанда, қорғаныс каскаларын, қорғаныш кеудешелерін, ракеткаларын және т.б.

Бұл спорттық құрал-жабдықтар Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында, Нұр-Сұлтан және Қостанай қалаларында орналасқан таэквондо спорт секцияларына беріледі.

Корея елшілігі еліміздің таэквондо федерациясына құрал-жабдықтар сыйға тартты

Кореяның таэквондоны насихаттау қоры берген бұл спорттық құрал-жабдық қазақстандық жастардың таэквондо шеберлігін шыңдап, Корея Республикасына деген қызығушылығын арттыруға көмектессе екен деймін. Корея Қазақстанның стратегиялық серіктесі ретінде спорт саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға күш салады, - деді елші Ку Хонг Сок салтанатты жиында сөйлеген сөзінде.

Өз кезегінде Қазақстан таэквондо федерациясының вице-президенті Арман Челманов Корея Республикасының елшілігіне және Кореяның таэквондоны насихаттау қорына сыйға берілген спорттық құрал-жабдықтар үшін алғысын білдірді.

Корея елшілігі еліміздің таэквондо федерациясына құрал-жабдықтар сыйға тартты

Қазіргі таңда Қазақстанда 20 мыңнан астам адам осы спорт түрімен айналысады және олардың саны жыл сайын тұрақты өсіп келе жатыр. Сондай-ақ Қазақстан таэквондо федерациясы Корея Республикасының елшілігімен ұзақ уақыт бойы ынтымақтаса жұмыс істеп келеді. Қазақстанда таэквондоны одан әрі бірлесе дамытып, танымал етуге үміттенеміз, - деді Арман Челманов.

Корея елшілігі еліміздің таэквондо федерациясына құрал-жабдықтар сыйға тартты

Бұған дейін 2022 жылы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық байланысқа 30 жыл толатынын хабарлаған болатынбыз.

Корея елшілігі еліміздің таэквондо федерациясына құрал-жабдықтар сыйға тартты

Өзгелердің жаңалығы