"Қордай" және "Қарасу" автомобиль өткізу бекеттерінің жұмысы жеңілдетіледі

21 Қараша 2019, 20:56
1915
Бөлісу:
"Қордай" және "Қарасу" автомобиль өткізу бекеттерінің жұмысы жеңілдетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Сартөбе" және "Аухатты" автомобиль өткізу пункттерінің мәртебелерін "екіжақты" - дан "көпжақты халықаралыққа" ауыстыру және "Нововоскресеновка" өткізу пунктінің атауын "Сыпатай батырға" өзгерту жоспарлануда.

Осы мақсатта, бүгін ҚР Парламенті Сенатында "2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өз сөзінде атап өткендей, бұл шара Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың одан әрі дамуын жақсартады және Орталық Азия аймағы мемлекеттерінің тауар айналымына оң әсерін тигізеді. Осы Хаттаманы ратификациялау қосымша бюджеттік қаржы бөлуге әкеп соқпайды, - делінген ҚР  ИИДМ ақпаратында.

Қазіргі уақытта екі ел арасында 11 автомобиль өткізу пункті жұмыс істейді. Оның ішінде 5 "көпжақты халықаралық" және 6 "екі жақты". 2010 жылы қарқындылығы төмен болғандықтан 4 автомобиль өткізу пункті жабылды.

Жылына 7 өткізу пункттерінде шамамен 11 млн адам, 1,7 млн көлік құралдары өтеді, оның ішінде 400 мың жүк көлік құралдары. Сонымен қатар, 2018 жылы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы жүк тасымалдау көлемі 43% - ға өсіп, 1,7 млн тоннаны құрады.
                 


Өзгелердің жаңалығы