Көптеген өңірде табиғи газдың бағасы төмендетілді

1 Ақпан 2022, 09:35
1272
Бөлісу:
Көптеген өңірде табиғи газдың бағасы төмендетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті еліміздің барлық газдандырылған өңірлер бойынша «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ның тұтынушылары үшін тауарлық газдың бағасына сараптама жүргізуге бастамашылық жасады.

Бұл туралы  Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен, 2021 жылғы қыркүйек айының соңында «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ы Тарифтік ведомствосының сұрауы бойынша бағаға сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттар ұсынған болатын.

Баға сараптамасы аясында, ТМРК ұсынылған материалдарға мұқият талдау жүргізді, сондай-ақ «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ы қосымша ұсынған материалдарды зерттеді.

Баға сараптамасын қарау қорытындысы бойынша, Табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ның елдің барлық газдандырылған өңірлеріне жабдықтау үстемесін 15% - дан (Шығыс Қазақстан облысы) 50,63% - ға (Атырау облысы) дейін төмендетті, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, елде табиғи газбен жабдықтау саласындағы бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу Энергетика министрлігі мен ҰЭМ ТМРК-ы арасында бөлінген.

Табиғи газдың түпкілікті бағасына 70-80% Энергетика министрлігі бекітетін көтерме бағаға тәуелді, ал табиғи газ бағасының қалған бөлігі газды тасымалдау қызметінен және өткізу шығындардан (жабдықтау үстемесі)   тұрады.

Жабдықтау үстемесінің деңгейін төмендету бөлігінде атқарылған жұмыстың нәтижесінде, ТМРК көптеген өңірлерде тұтынушылар үшін тауарлық газдың түпкілікті шекті бағаларын 0,34% - дан 38,96% - ға дейін төмендетуге қол жеткізді.

Мысалы, ең жоғары төмендеу Атырау облысы үшін болды, мында төмендеу 38,96% - ды құрады, ал ең төмен 0,34%-ға төмендеу жақында ғана тұтынушылар тауарлық газға қосылған Қарағанды облысында болды.

Төмендетілген бағалар 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап әрекет етеді.

Айта кету керек, табиғи газ бағасының төмендеуі жекелеген коммуналдық қызметтерге мультипликативті әсер етеді.

Өзгелердің жаңалығы