Көпбалалы отбасылардан тұрғын үйге құжаттар қабылдау басталды

5 Маусым 2019, 12:33
2100
Бөлісу:
Көпбалалы отбасылардан тұрғын үйге құжаттар қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Берекелі баспана» жалдамалы тұрғын үй бойынша қалалық бағдарлама аясында Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы көпбалалы отбасылардан құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлады. Бұл туралы «Тұрғын үй қоры» КММ-ның Instagram парақшасында жарияланды.

Бұл бағдарламада «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар санаттағы тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар қатыса алады.

Бағдарлама бойынша берілетін пәтер саны - 150. Тұрғын үйлер жекешелендіру құқығынсыз жалдамалы пәтер ретінде беріледі. 

Құжаттарды қабылдау 4 маусымнан 17 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-де Р. Қошқарбаев даңғылы 39 (Қошқарбаев-Жұмабаев ауданы, «Барыс» ТК аялдамасы) мекенжайы бойынша іске асырылады.

«Тұрғын үй қоры» КММ сағат 8.30-дан 17.00-ге дейін жұмыс істейді, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Тұрғын үйге үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы керек:

1) өтініш;
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) өтініш берушіні және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;
4) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;
5) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алумен жалдамалы тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;
6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;
7) Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынан халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар (2011 жылдың 15 желтоқсаннан бастап тұрған кезектегілер) әлеуметтік қорғау органынан күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 3,1 есе мөлшерін растайтын жиынтық табыстың есебін беретін анықтамасы. (Достық көшесі, 13 үй, №11 үстел).


Өзгелердің жаңалығы