Көп жұмыс істейтіндер салықты соған сәйкес төлеуі керек пе?

25 Мамыр 2022, 15:13
1371
Бөлісу:
Көп жұмыс істейтіндер салықты соған сәйкес төлеуі керек пе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізуді зерделеп жатыр, бірақ әзірге іске қосу жоспарланып отырған жоқ. 

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, жеке табыс салығының (ЖТС) прогрессивті шкаласын енгізу кейбір елдерде жұмыс істейтін құрал болуы мүмкін.

Ал Қазақстанға келетін болсақ, талдау жүргізілді, мәселе сарапшылармен талқыланды, қазіргі уақытта мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Оны қосымша талқылау керек. Өзіндік нәзік тұстары да бар, ойдан алып біреуге 20%, біреуге 5% немесе 0% енгізе салуға болмайды. Қазір барлығына бірдей 10% шкала, бәріне бірдей көзқарас ұстанып отырмыз. Мысалы, шартты түрде айтсақ орта санатты, орта бизнеспен айналысатын адамдар бар. Олар жақсы ақша табады, кірісі елдегі орташа кірістен жоғары. Бірақ олар «мен көп жұмыс істеймін ғой, неге көбірек салық төлеуім керек?» деп сұрайды. Сондықтан мүмкін бұл кереметтей көрінетін шығар, бірақ шын мәнінде күткен нәтижеге қол жеткізе алмауымыз мүмкін, − деп түсіндірді Ұлттық экономика министрі.

Ұлттық экономика министрлігі басшысының сөзінше, ЖТС прогрессивті шкаласы енгізілсе, капиталды елден әкету және нақты табыс көлемін төмендетіп көрсету жағдайлары пайда болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы