Көп табысты уәде еткен тағы бір қаржы пирамидасы құрықталды

18 Шілде 2023, 12:26
1119
Бөлісу:
Көп табысты уәде еткен тағы бір қаржы пирамидасы құрықталды
Фото: Арман Мухатов - архив

ҚМА БҚО бойынша департаменті қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша «Chia Tai Pharmaceutical» компаниясының өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл компания өзін инвестициялық ұйым ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты табыс әкелуге уәде берді.

Сонымен бірге, «Chia Tai Pharmaceutical» жеке тұлғалардан ақшаны алып, кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген. Келтірілген шығын көлемі бүгінде 769 млн теңгеден асады. 

Қазір қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталып, сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша экономикалық тергеу департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. Азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі, - делінген департамент хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы