Концерттер мен ұлттық тағамдар: Сарыарқада Наурыз мейрамын қалай атап өтеді?

21 Наурыз 2023, 11:44
657
Бөлісу:
Концерттер мен ұлттық тағамдар: Сарыарқада Наурыз мейрамын қалай атап өтеді?
Фото: liter.kz

Астананың «Сарыарқа» ауданы тұрғындары мен қонақтары көктемнің келу мерекесін 4 қоғамдық жерде екі күн бойы атап өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мерекені тойлау 21 наурыз күні қалалық алаң мен «Агрогородок» тұрғын алабының қоғамдық кеңістігіндегі іс-шаралардан басталады. Бұл нүктелерде киіз үйлер, алтыбақан және фотоаймақтар орнатылады. Ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізіліп, дәстүрлі тағамдар мен сусындар ұсынылады. Тұрғындар үшін эстрада жұлдыздары да өнер көрсетеді.

Сонымен қатар қалалық алаңда әр адам садақ атудан күш сынап, бүркіт және тазы итпен суретке түсе алады. Сондай-ақ наурыз күндері мұнда қолдан жасалған бұйымдар жәрмеңкесі өтеді. Мерекені қала алаңында тойлау 22 наурызда да жалғасады, - делінген «Сарыарқа» ауданы баспасөз қызметінің хабарламасында.

22 наурызда мерекелік іс-шаралар «Көктал» саябағында және «Қорғалжын» скверінде өтеді. Мұнда киіз үйлер, фотоаймақтар, алтыбақан орнатылады. Тұрғындар концерт тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм татуға болады. Іс-шара қонақтары асық ату, қол күрес, арқан тарту, гір көтеру және т.б. жарыстарда өз шеберліктерін көрсете алады.

Барлық қоғамдық жерде мереке сағат 11.00-ден 16.00-ге дейін өтеді.

Мерекені ұйымдастыруға тұрғындар да ат салысып жатыр. Мысалы, 20 үйдің МИБ және ПИК-тері мерекені тұрғын үй кешендерінің аулаларында атап өтіледі.

Өзгелердің жаңалығы