Конституцияның 30 жылдығына орай түрмеге қамалғандар бостандыққа шыға ма?

4 Маусым 2025, 14:24
720
Бөлісу:
 24.kz
Фото: 24.kz

Мәжіліс депутаттары Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заң жобасын қолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілісте "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасы қаралды. Құжат бойынша азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасаған адамдарды, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы сотталғандарды босату ұсынылады.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашеваның айтуынша, рақымшылыққа кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған балалары бар аналар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, сондай-ақ зейнеткерлер мен оларға теңестірілген азаматтар ілігуі мүмкін.

Комитет заң жобасын жұмысқа алуға дайын, – деді Снежанна Имашева Мәжіліс отырысында.

Заң жобасы дауысқа салынып, 87 депутаттың барлығы қолдады.

Өзгелердің жаңалығы