Алдағы бір аптада Конституцияның 25 жылдығы аталып өтеді

21 Тамыз 2020, 17:59
1877
Бөлісу:
Алдағы бір аптада Конституцияның 25 жылдығы аталып өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 30 - тамыз Қазақстан Конституциясына 25 жыл. Осыған байланысты 1 апталық іс-шаралар күнтізбесі бекітілген.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Конституциялық Кеңесі аппаратының басшысы Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді.

Мемлекеттік хатшының келісімімен Конституцияның 25 жылдығына арналған бірыңғай логотип дайындалды. Енді барлық жерде осы логотип пайдаланылады. Қазіргі кезде логотип барлық мемлекеттік органға, үкіметтік емес ұйымға және оқу орнына жіберілді. Логотиптің электрондық нұсқасын интернеттен жүктеп алуға болады. Конституциялық Кеңес 24-30 тамыз аралығында «Ата заң апталығы» жобасын жүзеге асырады. Жобаның мақсаты – қоғам мен мемлекетті жаңғыртудағы Конституцияның рөлін терең түсіну, халықтың қалың жігінің назарын негізгі заңға аудару, "Рухани Жаңғыру" жалпыұлттық бағдарламасы аясында қоғамның конституциялық мәдениетін арттыру, - дейді Бақыт Нұрмұханов.
Конституциялық Кеңестің негізгі серіктестері - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және басқа да ұйымдар.
Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге, елдің тәуелсіздігін нығайтуға, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар қазақстандық мерейтойлық медальмен және төсбелгілерімен марапатталады. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарға марапаттау үшін квоталар бөлінді. Сондай-ақ, пандемиямен күреске тартылған кәсіп өкілдеріне ерекше назар аударылады. Бұл дәрігерлер, еріктілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және т.б. Елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, олардың барлығы онлайн режимде өтеді. Осы жоба аясында бүкіл ел бойынша онлайн конференциялар, дөңгелек үстелдер, тегін заң кеңестері, вебинарлар, БАҚ-қа шығу, қайырымдылық акциялары, жаңа нысандарды пайдалануға беру, пәтерлердің кілттерін, жеке куәліктерді тапсыру және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады, - деді кеңес басшысы.

Іс-шаралар күнтізбесін сайттардан және бірлескен ұйымдастырушылардан алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы