Конституциялық сот туралы заң жобасы әзірленіп жатыр – Қайрат Мәми

20 Маусым 2022, 10:25
2075
Бөлісу:
Конституциялық сот туралы заң жобасы әзірленіп жатыр – Қайрат Мәми

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәми Парламент палаталарының бірлескен жалпы отырысында айтты. 

Конституциялық реформа аясында болған жаңалықтар халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Аталған өзгерістер жеке адамның конституциялық бақылауға қол жеткізуін қолдайды. Осылардың негізінде Конституциялық сот туралы конституциялық заңның жобасы әзірленіп жатыр. Болашақ сот Конституциялық кеңесте баяндалған көп жұмысты жалғастырады деп ойлаймыз. Осындай сабақтастық мемлекеттік конституциялық қызметін тиімді жүзеге асыруға, Ата заңның үстемдігін қамтамасыз етуге ықпал етпек, - деді ол. 

Мәми атағандай, бұл елдегі демократиялық және құқықтық  мемлекет ретіндегі беделін нығайтуға жұмыс істейді. 

Еліміз өз тәуелсіздігінің 4-ші онжылдығын ауқымды реформалармен бастап отыр. Бұл тарихи сәтте мемлекетіміздің даму бағыты мен оған жету жолдары айқын. Жаңарған Конституцияның жасампаз әлеуетін қосымша заңдармен нығайту депутаттардың құзыретінде, - деді Қайрат Мәми.

Өзгелердің жаңалығы